Қарақия аудандық сотында Әзірбайжан Республикасының 79 азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, құқық бұзушылар Әзірбайжан Республикасының азаматтары бола тұра, Қазақстан Республикасына «жеке сапар» мақсатында келіп, ішкі істер бөліміне уақытша тіркеліп, көші-қон карточкасына қызметке орналасу туралы рұқсат белгі соқтырмай, көші-қон заңнамасын бұзып, Қазақстан Республикасы аумағындағы Құрық селосындағы «Энергомост LTD» ЖШС-де заңсыз жұмыс жасаған.
Сот қаулысымен Әзірбайжан Республикасының 79 азаматы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының әр түрлі бөлігімен (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) кінәлі деп танылып, 69 азаматқа 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, әрқайсысына 56 725 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл жазасы тағайындалды. 10 азаматқа 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылып, олар Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарылды. Сот қаулысы заңды күшіне енбеген, деп хабарлады редакция тілшісіне Қарақия аудандық сотының баспасөз қызметі.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы